руководство спец типо

Description
1. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ…

Please download to get full document.

View again

of 96
All materials on our website are shared by users. If you have any questions about copyright issues, please report us to resolve them. We are always happy to assist you.
Information
Category:

Education

Publish on:

Views: 2 | Pages: 96

Extension: PDF | Download: 0

Share
Transcript
  • 1. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 2
  • 2. НЕЗАВИСИМОЕ АГЕНТСТВО АККРЕДИТАЦИИ И РЕЙТИНГА _________________________________________ Р.Г. Сейдахметова, А.Б. Жумагулова, М.А. Скиба, Ж.И. Шалабаева, Р.Г. Гасимов Астана 2015 РУКОВОДСТВО по проведению самооценки для специализированной аккредитации организаций технического и профессионального образования
  • 3. УДК 37.0 ББК 74.202 Р 84 Руководство по проведению самооценки для специализированной аккредитации организаций технического и профессионального образования Составители: Р.Г. Сейдахметова, А.Б. Жумагулова, М.А. Скиба, Ж.И. Шалабаева, Р.Г. Гасимов – Астана, 2016. – 96 с. ISBN 978-601-7778-31-6 ISBN 978-601-7778-31-6 Сейдахметова Р.Г., Жумагулова А.Б., Скиба М.А., Шалабаева Ж.И., Гасимов Р.Г., 2016 © НААР, 2016 В Руководстве представлен обзор процесса аккредитации, основные элементы процесса специализированной самооценки, включая стандарты и критерии для проведения специализированной самооценки организаций технического и профессионального образования. УДК 37.0 ББК 74.202 © Р 84 Рекомендовано Экспертным советом Независимого Агентства аккредитации и рейтинга
  • 4. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 3 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын мамандандырылған аккредиттеуге арналған өзін-өзі бағалау жүргізу жөніндегі жетекшілік НҰСҚАУ Астана, 2015
  • 5. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 4 МАЗМҰНЫ Нұсқау мәртебесі Нұсқау мақсаты Қолдану саласы Терминдер мен анықтамалар Белгілеулер мен қысқартулар Жалпы бағалау қағидаттары Өзін-өзі бағалау туралы есебінің құрылымы мен пішімі Стандарт «Білім беру бағдарламасын басқару» Стандарт «Білім беру бағдарламасының ерекшелігі» Стандарт «Педагогикалық ұжым және оқытудың тиімділігі» Стандарт «Білімалушылар» Стандарт «Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын ресурстар» Жекелеген мамандықтар шеңберіндегі стандарттар Өзін-өзі бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы Пайдаланған әдебиеттер тізімі 5 5 5 5 9 9 9 11 19 26 30 33 37 38 48
  • 6. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 5 1. Нұсқау мәртебесі Ұсынылып отырған нұсқау мамандандырылған аккредиттеу бойынша Агенттіктің жалпы нұсқауының ажырамас бөлігі болып табылады. 2. Нұсқау мақсаты Ұсынылып отырған нұсқаудың мақсаты аккредиттеуден өтетін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ТжКБ) мамандандырылған аккредиттеудіөткізутәртібіменшарттардытүсіндіру,соныменбіргесараптамалық бағалауды өткізу үшін негіз ретінде Агенттікке ұсынылатын өзін-өзі бағалау тура- лы мамандандырылған есебін құрастыру бойынша ұсыныстарды ұсыну болып табылады. 3. Қолдану саласы Аталған нұсқау Агенттіктің бекітілген мамандандырылған аккредиттеу стандарттарының негізінде құрастырылған. Өзін-өзі бағалау туралы есебін жазған және тапсырған кезде берілген нұсқаудың шарттарын орындаудағы дәлдік, дәйектілік және түбегейлік сипаты сараптама комиссиясының ТжКБ ұйымына са- пары кезінде ТжКБ ұйымында жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының қызметін бағалауы үшін және Агенттік тарапынан аккредиттеу жөніндегі шешім шығарудың негізі болып табылады. Осы нұсқау сонымен қатар ТжКБ ұйымында са- паны қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің жұмысын ұйымдастыру үшін қолданылуы мүмкін. 4. Терминдер мен анықтамалар Осы нұсқауда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады: • Ақпараттық ресурстар: кітапхана қорының, электронды оқыту материалдарының және басқа да қолжетімді оқыту-әдістемелік қамсыздандырудың жиынтығы. • АТ-құзыреттілік: кәсіптік қызметте ақпараттық технологияларды қолданумен байланысты құзыреттілік. • Бағалау: талдау үдерісінде жиналған дәлелдеулер мен мәліметтерді түсіндіру. Бағалау бағдарламаның білім беру мақсаттары мен білім алушылардың оқу нәтижелерінің жетістіктері деңгейін анықтайды және бағдарламаны жетілдіруге қатысты іс-әрекеттер мен шешімдерге алып келеді. • Базалық құзырет: өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеті, өзін-өзі жігерлендіру және өзіндік ұйымдастыруға бейімділігі («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы). • Басқарушылық құжаттама: лауазымдық нұсқаулық, құрылымдық
  • 7. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 6 бөлімшелер туралы ереже, үдерістерді басқару, әртүрлі рәсімдерді қолдану, жо- спарлау бойынша құжаттама. • ББ басшылығы: білім беру ұйымының алқалы басқару органдары, директор, оқыту үдерісін ұйымдастыру мәселелеріне жауап беретін директордың орын- басары, бөлімше меңгерушісі, оқу бөлімінің меңгерушісі, әдістемелік кабинет меңгерушісі, әдіскер, әдістемелік, циклдық және пәндік комиссия меңгерушілері. • Біліктілік деңгейі: орындалатын жұмыс күрделілігін, дербестілігі мен жауапкершілігін білдіретін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі (Ұлттық біліктілік шеңбері). • Біліктілік деңгейі: тарифтеу мен аттестаттау (тарифтік разряд, сынып, са- нат) жүйесінің тиісті құжаттарымен реттелетін және орындалатын тапсырмалар мен міндеттердің күрделілігімен және көлемімен анықталатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беретін оқу бағдарламасының бір сатысының шеңберіндегі кәсіби шеберлік. • Біліктілік: алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындау дайындығының деңгейі («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту тура- лы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы). • Біліктілік: алынған мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты құзіретті орындауға қажетті білім, әзірлік деңгейі. • Біліктілік: қызметкердің нақты жұмыс түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі (Ұлттық біліктілік шеңбері). • Білім алушыларды аралық аттестаттау: білім алушының бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейін бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеруінің сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім (Қазақстан Ре- спубликасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы). • Білім алушыларды қорытынды аттестаттау: олардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеруінің дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы). • Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау: бұл оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін жүйелі тексеруі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы). • Білім беру бағдарламасы: пәндер тізімі, оқу жұмысының түрлері арқылы білім беру жүйесінің белгілі бір сатысының білім беру мазмұнын және мақсатын, оларды меңгеру үшін оқу уақытының көлемін айқындайтын құжат («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт- тарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы). • Білім беру бағдарламасы: сәйкес біліктілігі бар мамандарды даярлаудың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған және өз құрамына түлектерді даярлаудың
  • 8. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 7 нәтижесіне қойылатын талаптарды, оқу жоспарын, курстардың, пәндердің, оқу модулдерінің жұмыс (оқу) бағдарламаларын және басқа материалдарды, со- нымен бірге сәйкес білім беру технологиясын іске асыруды қамтамасыз ететін тәжірибе бағдарламаларын, күнтізбелік оқу кестесін және әдістемелік материал- дарды қосады. • Білім беру қызметінің маркетингі: нарықта құндылығы бар мамандарды әзірлеу мақсатында білім беру қызметін өндіруге шақыратын тұтынушылардың қажеттілігі мен мұқтаждығын қанағаттандыруды зерттеуге бағытталған білім беру ұйымы қызметінің түрі. • Білім беру қызметінің мониторингі: білім беру қызметінің үдерістері мен рәсімдері туралы мәліметтерді жинау және талдау. • Білім беру сапасы: білім алушылар мен түлектердің білім деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және білім беру ұйымы белгілеген қосымша талаптарға сәйкестігі. • Білім беру ұйымдарын аккредиттеу: білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стан- дарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы). • Білім беру ұйымының мүдделі тұлғалары: білім беру ұйымына тікелей немесе жанама қатысы бар және білім беру ұйымының қызметіне әлеуетті қызығушылық таныта алатын немесе мүдделі жеке және заңды тұлғалар шеңбері. Атап айтқанда бұлар білім алушылар, оқытушылар, қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналары, жергілікті мемлекеттік органдар, ҚР Білім және ғылым министрлігі, жұмыс берушілер, талапкерлер, басқа да қазақстандық және әлемдік білім беру ұйымдары болып табылады. • Білім: оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі (Ұлттық біліктілік шеңбері). • Валидация: нақты түрде болжамды пайдалануға немесе қолдануға арналған талаптардың орындалғанын объективті тұрғыда куәландыру арқылы растау. • Верификация: белгіленген талаптардың орындалғанын объективті тұрғыда куәландыру арқылы растау. • Дағды: қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану) (Ұлттық біліктілік шеңбері). • Кәсіби стандарт: кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт (Ұлттық біліктілік шеңбері). • Құзырет: білім, шеберлік, дағды, кәсіптік тәжірибенің бірлігі негізінде маманның әрекет ету және белгілі бір кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республика- сы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы).
  • 9. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 8 • Құзыреттер: оқу үдерісінде меңгерілген білімнің, дағдылар мен ептіліктің динамикалық жиынтығы. • Құзыреттілік: қызметкердің кәсіби қызметінде білімін, біліктілігі мен дағдысын қолдану қабілеті (Ұлттық біліктілік шеңбері). • Құпиялылық саясаты: ұйымда бар немесе келешекте ие бола алатын және таратудың ерекше шарттарына жататын немесе ұйымнан, бөлімшеден тыс толық таратуға тыйым салынатын немесе басқа да шектеулі жағдайлар шеңберіндегі ақпарат типтерін анықтайды. Сондай-ақ, саясат оның талаптары бұзылғаны үшін жаза қолдануды қарастырады. • Мамандандырылған аккредиттеу: білім беру ұйымы іске асыра- тын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы). • Нәтижелілік: жоспарланған іс-әрекеттің іске асырылу және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу дәрежесі. • Оқыту нәтижелері: білім алушының оқу кезеңі және оның тиісті деңгейінде аяқталған соң күтілетін білу, түсіну және/немесе білім деңгейін көрсете алу тұжырымдамалары. • Оқытудың түпкі нәтижесі: берілген білім беру бағдарламасы бойын- ша оқуды бітірген уақытта білім алушы меңгеруі тиіс білім мен дағдылардың, құзыреттің жиынтығы. • Өзін-өзі бағалау рәсімі: мамандандырылған аккредиттеудің стандарттары мен өлшемдерінің негізінде ТжКБ ұйымы өткізетін ішкі бағалау үдерісі (жалпы ұйымның немесе білім беру бағдарламасының). Осының нәтижесінде өзін-өзі бағалау туралы есеп құрастырылады. • Рәсім: іс-әрекетті немесе үдерісті жүзеге асырудың қалыптасқан тәсілі. • Салалық біліктілік шеңберлері: салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы (Ұлттық біліктілік шеңбері). • Стратегиялық құжаттар: білім беру ұйымның ұзақ мерзімдегі стратегиялық даму болашағын анықтайтын құжаттар, атап айтсақ, миссия, көрініс, стратегия (немесе бөлімшелер, деңгейлер мен бағыттардың стратегиялары) және білім беру ұйымының іс-әрекет жоспарлары. • Сыртқы сараптау комиссияның ТжКБ ұйымына баруы: бұл аккре- диттеу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылатын сыртқы бағалаудың компоненті. Сыртқы сарапшы-аудиторлар ТжКБ ұйымының өзін-өзі бағалау ма- териалдарын тексеру мақсатында, оқытушы құраммен, білім алушылармен және қызметкерлермен әңгімелесу және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау үшін ТжКБ ұйымына іссапарға барады. ТжКБ ұйымының/білім беру бағдарламасының аудиті бойынша комиссияның есебі іссапардың нәтижесі бо- лып табылады. • Талдау: бағдарламаның білім беру мақсаттарын және білім алушылардың оқу нәтижесі жетістіктерін бағалауға арналған мәліметтерді әзірлеу, жинау және анықтау үдерісі. Тиімді талдау өлшенетін мақсаттар мен нәтижеге сай келетін тікелей, жанама, сандық және сапалық параметрлерді қолданады. • Тиімділік: қол жеткізілген нәтиже мен пайдаланылған ресурстар арасындағы
  • 10. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 9 байланыс. • Үдеріс: «кірістерді» «шығыстарға» түрлендіретін өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы. 5. Белгілеулер мен қысқартулар Осы нұсқауда Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Техникалық рет- теулер туралы» заңдарына сәйкес қысқартулар қолданылады. Осы нұсқауда келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылады: • АКТ – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; • АРТА – Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі; • БАӨЖ – білім алушылардың өзіндік жұмысы; • ББ – білім беру бағдарламасы; • ҚР – Қазақстан Республикасы; • ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі; • МЖМБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары; • ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім беру. 6. Жалпы бағалау қағидаттары ТжКБ ұйымымен жүзеге асырылатын білім беру бағдарламасын бағалау өзін-өзі бағалау есебінің негізінде келесі жалпы қағидаттарға сүйене отырып жүргізіледі: • Берілген есеп пен мәліметтердің АРТА стандарттарына сәйкес келуі; • Аккредиттеу жөніндегі нұсқауда, атап айтқанда осы нұсқауда белгіленген ережелерге сәйкес келуі; • Өзін-өзі бағалау есебі мен онда көрсетілген мәліметтердің аккредиттелетін білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша ТжКБ ұйымы қызметінің нақты нәтижелеріне сәйкестігі; • Ұқсас бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша бәсекелес ТжКБ ұйымдары қызметінің алдыңғы қатарлы нәтижелеріне және ҚР білім беру ұйымдарының озық тәжірибесіне сәйкестігі – яғни, аккредиттелетін білім беру бағдарламасының қызметін салыстырмалы талдау мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жалпы тенденцияларына сәйкестігі; • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігі. Білім беру бағдарламасы стандартта көрсетілген барлық өлшемдерге сай болған жағдайда аккредиттеуден өте алады. 7. Өзін-өзі бағалау туралы есебінің құрылымы мен пішімі Өзін-өзі бағалау туралы есебінің құрылымы жалпы түрінде АРТА стандарттарының құрылымына сәйкес келуі тиіс, яғни есептің негізгі бөлімі көрініс, миссия және стратегиядан бастап білім беру ұйымының ресурстары- на дейінгі АРТА стандарттары бейнелейтін тарауларды қамтуы тиіс. Есеп жеке- леген салалар шеңберіндегі білім беру бағдарламасының қызметін сандық әрі
  • 11. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 10 сапалы бағалауды, ТжКБ ұйымы және білім беру бағдарламасы туралы жалпы мәліметті және оның қызметі жөніндегі қысқаша тарихын қамтитын, кіріспе мен қорытындыны санамағанда, кем дегенде 6 тараудан тұруы тиіс, мысалы, білім беру бағдарламасын басқару, оның ерекшелігі, педагогикалық ұжым және оқытудың тиімділігі, білім алушылар, ресурстар және т.б. Есеп келесі пунктілерді қамтитын жалпы ақпараттан (профайлдан) баста- луы тиіс: ТжКБ ұйымының атауы, заңды реквизиттері, директордың аты-жөні, құрылтайшының атауы, байланыс ақпараттары, өзін-өзі бағалау туралы есебін тапсырған күні, білім беру бағдарламасы басшылығының, есепті әзірлеуге жауап- ты тұлғаның аты-жөні, білім беру бағдарламаларының тізімі, өзін-өзі бағалауды жүргізген топ туралы ақпарат. Есептің барлық мәлімдемелері, пікірлері, жорамал- дары мәтіннің негізгі бөлімі мен қосымшаларында қажетті құжаттармен бекітілуі тиіс. Есеп кестелерді, графикаларды, суреттерді, қажетті жерде көлемі бойын- ша үлкен кестелері бар (А4 өлшемді парақтың жартысынан көбін қамтитын) қосымшалардыжәнебасқадабіртұтасжәнеауқымдыақпараткөздерінқамтитын, өзара байланысқан, қисынды және бірыңғай форматтау мен құрылымы бар мәтін түрінде құрастырылуы тиіс. Есеп келесі нысанда жазылуы тиіс: қаріп түрі – Times New Roman, қаріп өлшемі – 12, жол аралығы – 1.5, атауға дейінгі және кейінгі азат жол аралығы – 6 пт-дан көп емес, есептің басында автоматты түрде редакцияланатын кіріктірме мазмұны, парақ беттері болуы тиіс. Есепті басып шығару А4 өлшеміндегі кітап ретінде беттеу (portrait) арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар қосымшаларда парақтарды альбом ретінде беттеуге (landscape) жол беріледі. Есептегі бірінші қосымша барлық берілген мәліметтердің дұрыстығын, дәлдігін, және түбегейлігін рас- тайтын, ТжКБ ұйымының жетекшісі мен орындаушылардың қолдары қойылған, қажет болған жағдайда кеңес беру үшін есепті құрастырушылардың байла- ныс ақпараттары бар мәтінді қамтуы тиіс: «Мен, [ұйым жетекшісінің аты-жөні], [есептің негізгі бөлігінің беттер саны, яғни қосымшаларын санамағанда] бет қамтитын, осы [аккредиттелетін ТжКБ ұйымының атауы] өзін-өзі бағалау туралы есебінде ТжКБ ұйымындағы және оның сыртындағы жағдайды толық мөлшерде және жан-жақты сипаттайтын, аса сенімді, нақты және түбегейлі мәліметтер көрсетілгендігін растаймын». Өзін-өзі бағалау туралы есептің көлемі 100-200 бет негізгі мәтінен тұрады. Со- нымен қатар, оған қосымшалар ретінде қосымша құжаттар пакеті тапсырылады. Өзін-өзі бағалау туралы есеп барлық қосымшаларымен қоса АРТА-ға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, электрондық нұсқада iaar@inbolx. ru электрондық пошта мекен жайына, сондай-ақ қағаз тасымалдағыштарда есепті құрастырушылар мен ұйым жетекшісінің қолымен 2 (екі) данадан келесі мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 42, КҚ 17. 7.1 Жекелеген стандарттар шеңберіндегі есептің құрылымы Білім беру бағдарламасының өзін-өзі бағалау туралы есебі АРТА
  • 12. РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 11 стандарттарының құрылымына сәйкес келуі тиіс және мазмұны мен түрі жағынан АРТА стандарттарының барлық пунктілері бойынша ТжКБ ұйымымен берілген жауаптар негізінде құрастырылуы мүмкін. Осы тарауда АРТА-ның жекелеген стан- дарттар шеңберінде өзін-өзі бағалау туралы есепті құрастыру бойынша әрбір стандарт бойынша қысқаша түсіндірмелерімен қоса ұсыныстар берілген. Әр тараудың бірінші бөлімінде – «Жалпы ережелер» – ТжКБ ұйымында қандайда бір стандарттардың бастауы мен себептері туралы тереңірек түсінік болуы үшін, ал бұл өз кезегінде стандарт талаптарын тиімдірек орындауға апарғандықтан берілген стандарттардың жалпы қағидаттары мен қисыны келтіріледі. Екінші бөлімінде – «Бағалау өлшемдері» – нақты өлшемдер негізінде сараптамалық бағалау жүргізілетін, және сәйкесінше өзін-өзі бағалау туралы есебі жазылатын өлшемдер келтіріледі. Осы өлшемдер жауаптары есептің автор
  • Related Search
    Similar documents
    View more...
    We Need Your Support
    Thank you for visiting our website and your interest in our free products and services. We are nonprofit website to share and download documents. To the running of this website, we need your help to support us.

    Thanks to everyone for your continued support.

    No, Thanks